🍂 Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) 100 сүннеті
Пайғамбардың сүннеті – өмір сүрудің бір жолы. Басқаша айтқанда, сүннет – Құран Кәрімнің хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) тарапынан жүзеге асырылған өмір сүру салты. Сондықтан, оған жәй ереже деп қарамау қажет.
Сүннет өмірді кеңінен қарастыратын, жүріс-тұрысымызға тікелей қатысты қағидалар жиынтығы. Осыған орай, төменде тізбектеліп берілген сүннеттер, хазреті пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірін толығымен қамти отырып дайындалды. Айтар болсақ, одан бізге келіп жеткен хадистердегі кейбір қағидалар сияқты оның жалпы өмірінен алынған мінез-құлық үлгілері де оның сүннетінің бір бөлігін құрайды.
Мәселен, хазреті пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінде көптеген қиыншылықтарға тап болса да, ол ешқашан алып келген нәрсесін жеткізуден бас тартпаған. Қанша қиыншылыққа, ашаршылыққа душар болса да, оларды күресе отырып жеңе білген. Міне, бүкіл адамзаттың ең соңғы пайғамбары хазреті Мұхаммед Мұстафадан (с.ғ.с.) үлгі ретінде алатын сүннет осы болса керек. Себебі, оның дара сүннеті, өмірге бағыт- бағдар беретін аса құнды іс-әрекеттерге толы әрі өмірдің негізін құрайды. Қорыта айтқанда, сүннет тек діни мәселелерге ғана қатысты нәрсе емес. Сонымен қатар, әлеуметтік өмірде де сүннеттің іздерін көруге болады. Бұл нәрселер де әлеуметтік сүннет болып есептеледі.
100 СҮННЕТ:
1. Құран әдебін бойына сіңіріп, соған сай өмір сүру.
2. Әр істі «бисмилләмен» бастау.
3. Сәлем беру және сәлемге жауап қайтару.
4. Адамдармен қол алысу, қажет болса құшақтасу.
5. Адамдардың хал-жағдайын сұрау, амандық- саулық сұрағанға жауап қайтару.
6. Қай жерде немесе қай жаста болмасын ілім үйрену.
7. Үйренген ілімін адамзаттың пайдасына қолдану, оларды басқаларға үйрету және білген ілімдерін бөлісу.
8. Бір хабарды жеткізгенде сүйіншілеу және жеңілдету.
9. Адамдардың істеген нәрселерін ниеттеріне қарай бағалау.
10. Жастық шақтың қадірін білу.
11. Уақытты бағалай білу.
12. Денсаулықтың қадірін білу, рух және дененің саулығын қорғау, денсаулыққа зиян тигізетін нәрселерден сақтану.
13. Аурудың емін іздеу.
14. Адамдардың әрдайым қолданысына жарайтын еңбектер жазып, қайырлы, пайдалы мирас және өшпес үлгі қалдыру, еңбек ету мен жақсы әдетті дамыту.
15. Өзінің мамандығының шеңберінде ғана сөз сөйлеп, жұмыс істеу.
16. Халықтың Исламның негізгі қағидаларына қайшы келмейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қолдап, оны әрі қарай жандандыру.
17. Бір қателікті екі рет қайталамай ақылдылықпен, парасаттылықпен әрекет ету.
18. Екі күні бір-біріне ұқсамай, үнемі алға жылжуға және өзгеріс енгізуге тырысу.
19. Сөйлегенде байсалдылық танытып, қанағаттанарлық дәрежеде сөйлеу.
20. Пайдалы сөз сөйлеу не болмаса үндемеу.
21. Нақты әрі түсінікті тілде және қасындағы адамның дәрежесіне қарап сөйлеу.
22. Кішіпейіл, инабатты болу.
23. Жылы жүзді болу.
24. Аз күлу.
25. Қорқақ болмау, батыл бола білу.
26. Мұсылмандарды бауыр санап, олардың қуанышымен бірге қуану, мұңлы және қайғылы сәттерін бірге бөлісу.
27. Адамдардың бәрін бірдей Алланың жаратқан құлдары деп білу, оларды құрметтеу және оларға сүйіспеншілікпен қарау.
28. Табиғаттағы тіршілік иелерін және жан- жануарларды қорғау.
29. Үлкендерді құрметтеп, кішілерге мейірімділік пен қайырымдылық көрсету.
30. Үш күннен артық ренжімеу және ренжіскендердің арасын татуластыру.
31. Ағайын-туыстарғажәнежора-жолдастарға барып тұру.
32. Уәдесіне берік болу; ағайын-туыс, жора- жолдастармен қарым-қатынасты үзбеу.
33. Балаларға жақсы ат қою.
34. Дүниеге келген бала үшін шүкір құрбандығын (ақиқа) шалу.
35. Жеті жастан кейін балаларға дінді үйрету.
36. Балалардың арасын бөліп-жарып қарамау.
37. Отбасының тәртібі мен тұрақтылығына мән беру; ерлі-зайыптылардың бір-бірінің құқықтарына құрмет көрсетулері; отбасын басқаруда отағасының белсенді рөл атқаруы.
38. Ерлі-зайыптылардың бір-бірлерін жақсы көріп, құрмет көрсетулері және бір-бірлерінің ар- намыстарын, абыройларын қорғаулары.
39. Ауруларды зиярат ету.
40. Қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айту.
41. Көршілерге қарайласу.
42. Кейбір намаздарда парыздан бұрын, кейбіреуінде парыздан кейін сүннет намаздарын оқу, мүмкіндігінше нәпіл намаздарды оқуға тырысу.
43. Мүмкіндігінше жамағатпен намаз оқуға тырысу.
44. Дәретпен жүру.
45. Адамдарды жиіркендіретін лас, жағымсыз иіс, ұнамсыз көрініс, киім және жаман іс- әрекеттер мен сөздерден сақтану.
46. Дұға жасағанда қолды көтеру және бет сипау.
47. Дүйсенбі күндері ораза ұстау.
48. Адамдарға Исламды жеткізгенде әдептілік пен сыпайылық танытып, түсіністікпен қарап, бірбеткейліктен аулақ болу.
49. Адамдардың қажеттіліктеріне қол ұшын беру.
50. Басшылардың әділетті, сөздеріне берік, мейірімді болулары және төңірегіндегілермен ақылдасулары.
51. Нәсіл, дін, діл, қоғам, заң, экономика, ер- әйел, бай-кедей деп бөліп-жарып қарамау, осылай жасағандарды қоғамнан алыстату.
52. Ең қиын шарттарда және уақыттарда болсын қорқақтық танытпау.
53. Қиыншылық пен жоқшылыққа қарсы күресе білу.
54. Тура сөзді болу.
55. Сенімді болу.
56. Сөзінде тұру.
57. Саудаласып қойған сауда ісіне килігіп, араны бұзбау.
58. Пара алмау, пара бермеу.
59. Бөтен үйге рұқсатсыз кірмеу.
60. Бөтен үйдің есігін үш рет қағу немесе қоңырау тетігін үш қайтара басу.
61. Отырғанда әдебіне сай сыпайылықпен отыру.
62. Шақырылған жерге бару.
63. Сыйлық беру, берілген сыйлықты алу.
64. Тамақ жегенде асықпай сіңіре отырып жеу және өз алдынан жеу.
65. Суды үш реттен ұрттап, мүмкіндігінше отырып ішу.
66. Бір нәрсе жеп жатып сөйлемеу, әлдекім жеп жатқанда аузына қарамау.
67. Адамдармен сөйлескенде жүзіне қарау.
68. Кешірім сұрау, кешірімді болу.
69. Кешірімшіл болу, өш алмау.
70. Ашуланғанда өзін ұстай білу.
71. Адамдарға және жануарларға қиянат жасамау.
72. Адамдарды шектен тыс көздерінше мақтамау.
73. Кішіпейіл болу.
74. Тіліне ие болу, ғайбаттан, жалақорлықтан, өсек айтудан сақтану.
75. Балағаттамау және жаман сөз сөйлемеу.
76. Ешкімге қарғыс айтпау, қарғыс айтудан және қарғысқа ұшыраудан сақтану.
77. Қанағатшыл болу, өзіне жетерлік нәрсеге қанағат етіп, қолында барына разы болу.
78. Ұятты, әдепті және арлы болу.
79. Әлдекімнің сұранысын қабылдамағанда, сыпайылық танытып жұмсақ тілмен жеткізу.
80. Биязы және жанашыр болу.
81. Қонаққа жақсы қарым-қатынас көрсетіп, оны күту.
82. Әлсіздің және жапа шеккен адамдардың жанында болу.
83. Жетімдерге, жесірлерге, кедейлерге, жолда қалғандарға, әлсіз және ешкімі жоқтарға, аш қалғандарға қолдау көрсетіп, жәрдем беру.
84. Адамдардың мұқтаждықтарына қол ұшын созып көмек көрсету. Қарыз болған кісіге, тұтқынға және өзгелердің бодауына түскендердің құтылуына жәрдем беру.
85. Жолды білмегендерге жол көрсету.
86. Кемтарларға, мүгедектерге баскөз болып, қамқорлық жасау.
87. Сыртқы келбетіне мән беру.
88. Өте сәнді және көз тартарлықтай киінбеу, қарапайым киіну.
89. Қалай болса солай киініп халықтың арасына шықпау.
90. Жұмысшыға маңдай тері қатпай тұрып ақысын беру.
91. Кісінің өз шаруасын өзі істеп, басқаларына жүк болмауы.
92. Кез келген уақыт және кез келген істе орта жолды ұстанып, шегінен шықпау және шегінен тым азайтып та жібермеу.
93. Қоғамдық тәртіпке зияны тиетін іс- әрекеттерден сақтану, осылай жасаушылардан сақ болып, оларға қарсы күресу.
94. Өзіне қатысы жоқ істерден бойын аулақ ұстау.
95. Басқаларға зиянын тигізбеу.
96. Өзіне қалаған нәрсені басқаға да қалау.
97. Түшкіргенде «әлхамдулиллә» – деп айту. Мұны естіген адам түшкірген кісіге есендік тілеп, лажы болса «ярхамукаллаһ» деп айту, түшкірген кісіге де «яһдини уа яһдикумуллаһ» – деп жауап қайтаруы қажет.
98. Есінегенде ауызын жабу.
99. Ағаш егу.
100. Құран Кәрім, Қағба, құбыла, мешіттер, азан, қажылық жасалатын жерлер, құрбан шалу, сүндетке отырғызу сияқты Исламның нышандары мен рәміздерін (шеәйри – Ислам) қорғау, өмір сүруін қамтамасыз ету, басқа дінжәне сенімдердің рәміздерін тақпау.